Басты - Новости

Чарли Чаплиннің баласы және Гиннестің рекордтар кітабына енген шоу: "Азия жаңғырығы" цирк өнері фестивалі несімен таң қалдырады

06.07.2019
Чарли Чаплиннің баласы және Гиннестің рекордтар кітабына енген шоу:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-8 шілде аралығында Елорда күні мерекесі аясында Нұр-Сұлтан қаласында XII«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді. Жыл сайын шет мемлекеттерден келген цирк ұжымдары елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына әлемдік үздік қойылымдарын ұсынады. Оларды күн сайын Астаналық циркте сағат 16.00-де тамашалауға болады.

Биыл «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестиваліне Ұлыбритания, Вьетнам, Мысыр, Израиль, Испания, Қытай, Қырғызстан, Моғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украинажәне Қазақстаннан  60-қа жуық артист қатысады. Фестиваль аясында ресейлік артистер «На слонах вокруг света» аттракционын көрсетпек.Номердің жетекшісі Андрей Дементьев-Корнилов. Би билеген пілдердің ерекше қойылымы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Күрделі әрі теңдессіз трюктер, аң үйретушілердің шеберлігі, әдемі декорациялар мен арнайы эффектілер, жарқын костюмдер – осының барлығы «Азия жаңғырығы» фестивалінің көрермендеріне ұмытылмас әсер қалдырады.

Биылғы цирк өнері фестивалінің тағы да бір ерекшелігі – оған ұлы актер Чарли Чаплиннің баласы қатысады. Қазылар мүшелерінің бірі Халықаралық киноакадемия фестивалінің президенті, цирк фестивальдерінің креативті директоры, белгілі дыбыс режиссері және продюсер Юджин Чаплин. Бұдан басқа, фестивальдің қазылар алқасының құрамына Беларусь мемлекеттік циркінің директоры Владимир Шабан, Үлкен Варшава циркінің директоры Ержи Козиак, Рига мемлекеттік циркінің директоры Лолита Липинская, профессор, Ереван циркінің көркемдік жетекшісіСос Петросян Иосиф, Украина мемлекеттік цирк компаниясының директоры Сергей Кабаков, Италия халықаралық цирк фестивалінің президенті Фабио Монтико, Firebird Productions, Inc. компаниясының президенті Петр Дубинский және т.б. енді. XII«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінің режиссері – Ресей халық артисі Таисия Корнилова.

Айта кетейік, қойылымдар билеттерінің бір бөлігі қайырымдылық мақсатта таратылады. Арыс қаласының балалары 4-8 шілдеде Астаналық циркте өтетін барлық қойылымдарға шақыру алады.

 

 

 

БАҚ НАЗАРЫНА!

 

Астаналық цирк журналистер арасында «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі туралы үздік материалға байқау жариялайды. Оған баспасөз, электронды БАҚ, телефидение және радио өкілдері қатыса алады. Байқаудың басты критерийі: креативтілік, бірегейлік, шараны жалпы, әлеуметтік және эмоционалды қабылдауы.

Байқаудың мақсаты –әлемдік цирк өнерін дамыту және жарқын жетістіктерін насихаттау, көрерменнің цирктің мүмкіндіктері туралы түсінігін молайту. Байқау 15 шілдеге дейін жалғасады.

Байқау жеңімпазы 3 адамға арналған бір жылдық отбасылық абонементке (Астаналық цирктің барлық қойылымдарына) ие болады. Байқау қорытындысы 17 шілдеде шығарылады.

Қосымша ақпаратты + 7775 6000 630, 24 40 59 телефондары және circus2005@mail.ru электронды мекен жайы арқылы алуға болады.

Бізбен байланыс

«Астаналық цирк» МКҚК Қабанбай батыр даңғылы, 5

Приемная-факс:

+7 (7172) 24 42 08
+7 (7172) 24 43 10

Отдел рекламы, гастролей и зарубежных связей:

+7 (7172) 24 40 59

echoofasia@gmail.com