Цирк өнерінің халықаралық фестивалі «Азия жаңғырығы» туралы

06 шілдеде Астаналық циркта «Азия Жаңғырығы» Халықаралық цирк өнері фестиваліне арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

«Азия Жаңғырығы» Халықаралық цирк өнерінің фестивалі (бұдан әрі мәтін бойынша – «Фестиваль») әлемдік цирк өнерінің ең үздік жетістіктерін сақтау, дамыту және жариялау, сонымен қатар өнер саласындағы ең маңызды объектілердің бірі ретінде цирк мүмкіндіктері туралы көрермен көзқарасын кеңейту мақсатында өткізіледі.

11 жыл бойы фестиваль Қазақстанның цирк өміріндегі күтілетін оқиғалардың бірі болды. Алғашқы рет ол 2007 жылы ұйымдастырылды және ең беделді фестивальдердің бірі ретінде өзін танытты. Фестивальдің визит карточкасы – ең үздік цирктік нөмірлер, онда әлемнің 13 елінің жас әртістері, сонымен қатар танымал цирк әртістері қатысады.

2018 жылғы шілде айының 04-нен бастап 08-не дейін Астана қаласының 20-жылдығын тойлау аясында Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен, Астаналық циркта Орталық Азиядағы жалғыз жылсайынғы Халықаралық цирк өнерінің фестивалі «Азия Жаңғырығы» өтеді. Астаналық цирктің манежінде цирктік таланттар А Және Б байқаулық бағдарламаларында өнер көрсететін болады, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Вьетнам, Ресей, Украина, Белоруссия, Франция, Канада, Никарагуа, Эфиопия, Венгрия елдерінің әртістері. Конкурсанттардың көрсетілімін кәсіби мәдениет қайраткерлері және цирктік индустрия бағалайды. Цирк өнерінің фестивалі, бұрынғыдай қызықты және ұмытылмас болуды уәде етеді.

Қойылым күнсайын шілде айының 04-нен бастап 08-не дейінгі аралықта сағат 16:00-де өтеді.

«Азия жаңғырығы - 2017» цирк өнерінің
халықаралық фестивалінің қатысушылары

Байланыс




Байланыс

МКҚК «Астаналық цирк» Қабанбай батыр даңғылы, 5

Қабылдау-факс:

+7 (7172) 24 42 08
+7 (7172) 24 43 10

Жарнама бөлімі, турлар және сыртқы байланыстар:

+7 (7172) 24 40 59

echoofasia@gmail.com